27 желтоқсанда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаевпен брифинг өткізілді. Брифингте спикер қысқы кезеңде, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде, қатты және сұйық отынмен жылыту жүйелерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы туралы хабардар етті.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өрттің пайда болуына ықпал ететін жағдайлар туындайды. Мереке күндері халық белсенді демалады, пиротехника, гирляндалар, жарықтандырулар алады. Жабық бөлмелерде пиротехникалық өнімдерді мүлдем қолдануға болмайды, балаларды пиротехникалық өнімдермен ойнауға жіберуге болмайды. Балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Сондай-ақ, спикер алдағы мереке күндері өрттің алдын алу мақсатында электр желісін шамадан тыс жүктемеуге, тек ақаусыз электр және газ аспаптарын пайдалануға, жанып жатқан пештерді қараусыз немесе жас балалардың қамқорлығына қалдырмауға шақырды., пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.
Сонымен қатар, Нұрлан Жақыпбаев азаматтарға ауа-райының қолайсыздығында жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін сақтау туралы айтты. Дауыл туралы ескерту жариялаған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде, кішкентай балалармен, елді мекендерден тыс жерлерге барудан және алыс қашықтыққа барудан бас тарту ұсынылады. Жүргізушілер сонымен қатар жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалап, көліктің жөнделуін тексеруі керек.
"Сондай-ақ талапкерлерді ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге шақырамыз. Оқу кезінде курсанттар казармалық жағдайда, толық мемлекеттік қамтамасыз етуде: тамақпен, нысанды киім – кешекпен қамтамасыз етіледі және т.б. Академияны бітіргеннен кейін түлектерге арнайы атақ беріледі-азаматтық қорғау лейтенанты. АҚА бітірген барлық адамдар міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті спикер.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі