Еңбек үшін алғыс

Еңбек үшін алғыс

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық мәслихат депутаты Зара Шалабаева №10 өрт сөндіру бөлімінің ерекше еңбегі сіңген қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етті.
«Өрт сөндірушілер – үйлер мен ормандарды өрттен қорғайды және ең бастысы адамдардың өмірін сақтап қалу үшін барын салады. Өрт сөндіруші кәсібіне жүрек қалауымен барады», - деді жиын барысында қалалық мәслихат депутаты.
Зара Шалабаева өрт сөндіруші-құтқарушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қызметкерлерге алдағы уақытта қызметте табыс пен отбасылық амандық тіледі.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі