
15 желтоқсанда Қарағанды облысының ТЖД Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп, ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық марапаттарды табыс етті.
Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің жарлығымен Думан Кәкенов, Оразалы Асылханов «Суда батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» медальдарымен, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Станислав Кириченко «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда ерекшеленгені үшін» медалімен, азаматтық қорғау майоры Азамат Амирзадин «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімінің Алғыс хаттарымен Павлодар облысы Екібастұз қаласында ТЖ жоюда көрсеткен батылдығы, жоғары моральдық және жедел әрекеті үшін №52859 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының командирі Жақсылық Төлемісов, №1 МӨСБ өрт сөндіру машинасының аға жүргізушісі Денис Найман марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі