Лайықты марапат

Лайықты марапат

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, өрт сөндіруші-құтқарушыларды Қанат Ешмағанбетовті, Ілияс Ағыбайевты және Руслан Сойконы, өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көрсеткен батылдық пен ерліктері үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Қанат Ешмағанбетов жанып жатқан пәтерден екі адамды құтқарып, жедел жәрдемнің келуін күтпестен, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп аман алып қалды.
Ілияс Ағыбаев жанып жатқан пәтерден баланы орап алып шығып, одан әрі госпитализацияға жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Ілиястың сауатты іс-қимылдарының арқасында адам өмірі құтқарылды.
Руслан Сойко өнеркәсіптік электр ет тартқыштан әйел адамның қолын шығарып алды, ол зардап шеккен айел адамның қысылып қалған қолын жгутпен байлап, оның денесінің ашық жерлеріне шоқ тимейтіндей жауып, бір мезгілде психологиялық көмек көрсете отырып ет тартқыштан зардап шегушінің қолын шығарды. Руслан басқарған құтқару жасағының кәсіби шеберлігі мен үйлесімді жұмысының арқасында, зардапты алдын алып әйел адамның өмірін сақтап қалды.
Өрт сөндіруші-құтқарушы кәсібі - бұл ең алдымен, басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігу. Бұл батыл және өз ісіне жауапты адамдардың кәсібі, олар өздерінің айқындылығы мен қатты мінезімен ерекшеленеді және де өз бойларында физикалық қуат пен ерік-жігерді тәрбиелейді.
Ермағанбет Булекпаев өрт сөндірушілерге аталған тапсырмалардың мінсіз орындалғаны үшін алғыс білдірді және бір жерде тоқтап қалмай, өздерінің кәсіби шеберліктерін одан әрі жетілдіруді тіледі.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі