
Астана қаласында Солтүстік кубогына өрт-құтқару спортынан чемпионат өтті.
Чемпионатқа алты команда қатысты. Бағдарлама екі санатты қамтыды: оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл баспалдақтарымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру.
Қарағандылық құтқарушылар командасы жақсы дайындық көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы ТЖД Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер құрамасы жалпы командалық есепте екінші жүлделі орынға ие болды.
Қарағанды облысы ТЖД Өрт-құтқару спорты бойынша әйелдер құрамасы жалпы командалық есепте 3-ші жүлделі орынға ие болды!
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өрт сөндіру-құтқару спорты - өрттерді сөндіру және адамдарды құтқару практикасында жеке және топтық есепте қолданылатын түрлі тәсілдердің кешендерін орындаудан тұратын қызметтік-қолданбалы спорт түрі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі