Жаңа жыл қарсаңында өрттің алдын алу

Жаңа жыл қарсаңында өрттің алдын алу

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нариман Бухтаев «Сарыарқа» телеарнасындағы «Уакыт.кз» телебағдарламасына қатысты. Бағдарламаның шығарылымы «Жаңа жыл алдындағы өрттердің алдын алу» тақырыбында болды.
Жаңа жыл қарсаңында мерекелік іс-шараларды өткізудің қауіпсіздік шараларын білу және сақтау маңызды. Дәл осы кезеңде өрттің пайда болуына ықпал ететін қосымша жағдайлар туындайды. Мереке күндері барлық жерде дәстүрлі түрде іс-шаралар өткізіліп, халық белсенді демалады, мерекелерге пиротехника, гирляндалар мен жарықтандыру сатып алады. Мереке күндері электр техникалық және түрлі пиротехникалық бұйымдарды қолданудың салдарынан өрттердің шығу, адамдардың күйік алуы мен жарақат алу ықтималдығы артады.
Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Н.Бухтаевтың айтуынша, жаңа жылдық мерекелер кезінде ТЖ қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті мәселе болып табылады.
Мерекелеу кезеңінде, өткен жылдың жаңа жылды тойлау кезінде 2021 жылдың 31 желтоқсаны мен 2022 жылдың 3 қаңтары аралығында облысымызда 31 өрт оқиғасы орын алды. Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жұмыстарын жүргізуге 24 рет шығып, онда 13 адам құтқарылды, оның 5-і бала. Өрттердің негізгі себептері: отқа абайсыз қарау, пештер мен мұржаларды дұрыс пайдаланбау, электронды құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі және пиротехникалық бұйымдарды абайсыз ұстау.
Жаңа жылдық күндері өрттердің алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері тұрғын үй секторындағы үйлерді үгіт-профилактикалық аралау жұмыстарын ұйымдастырады. Сонымен қатар, полиция өкілдерімен бірге пиротехникалық бұйымдарды сату орындары бойынша рейдтер жүргізуге кірісті.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі