Қарағанды облысының ТЖД-да жаңа тағайындаулар

Қарағанды облысының ТЖД-да жаңа тағайындаулар

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасарлары Ақылбек Ахметжанов пен Нұрлан Бекбосынов Қарағанды облысының қалалары мен аудандарына жұмыс сапары барысында жеке құрамға жаңа бастықтарды таныстырды.

Қарағанды облысы ТЖД 2022 жылғы 30 қарашадағы бұйрығымен Балқаш қаласы ТЖ басқармасының бастығы болып азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Арыстанбеков, Шет ауданы ТЖ бөлімінің бастығы – азаматтық қорғау подполковнигі Мереке Жапаров, Қарқаралы ауданы ТЖ бөлімінің бастығы – азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Ешмағанбетов тағайындалды.

Арыстанбеков Бауыржан Бақтыбекұлы 1985 жылы 7 ақпанда Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінде дүниеге келген. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы "Болашақ" Қарағанды университетін бітірген. Азаматтық қорғау органдарында 2007 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет етеді. Өзінің еңбек жолын Шет ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің инженері қызметінен бастаған. Жаңа лауазымына дейін Шет ауданының ТЖ бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Жапаров Мереке Сағынайұлы 1985 жылы 30 сәуірде Қарағанды облысы Осакаров ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2016 жылы Ресей ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген. Азаматтық қорғау органдарында 2013 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді. Қызметін өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының аға инженерінен бастаған. Қызмет еткен жылдары штаб, мемлекеттік өрт бақылау, ТЖ жою, талдау бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2022 жылдың қыркүйегінде Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімінің бастығы болып тағайындалды, онда осы уақытқа дейін жұмыс істеді.

Ешмағанбетов Руслан Русланұлы 1982 жылы 25 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін бітірген. Азаматтық қорғау органдарында 2005 жылғы маусымнан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының инженері лауазымынан бастаған. Өрт сөндіру бөлімдерінде және зерттеу сынақ өрт зертханасында тәжірибесі бар.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі