2022 жылғы 24-25 қарашада азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ күштер мен құралдарды басқару органдарын даярлау мақсатында "Қыс 2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың тақырыбы "Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау".
Оқу-жаттығудың мақсаты – басқару органдары мен азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштерінің және халықтың қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығудың бірінші күні Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдына "Қыс" РКШО өткізу кезеңіне міндеттер қойды. Әрбір аймақ үшін практикалық іс-қимылдарды орындау үшін жеке кіріспе анықталды.
Қарағанды облысы бойынша оқу-жаттығуларды басқару штабының басшысы, ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов қатал қыс жағдайында туындайтын төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару бөлімшелерінің дайындығын тексерді.
Оқу-жаттығудың бірінші күні электр сиреналарын іске қосу арқылы ескерту жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шара «Баршаның назарына!» бірыңғай дабыл сигналына әрекет ету тәртібін халыққа сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.
РКШО шеңберінде бірнеше төтенше жағдайларды әзірлеу бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді: адамдарды қар кептелісінен эвакуациялау, қалың қар мен боран кезінде іздеу-құтқару жұмыстарын жргізу, оның ішінде құтқару авиациясын тарта отырып.
Қажетті байланыс түрлерімен жабдықталған штаб шатыры, медициналық қамтамасыз ету пункті, тамақтану пункті, жылыту және психологиялық көмек пункттері орналастырылған далалық басқару пунктінің жұмысы ұсынылды. Сондай-ақ, жол талғамайтын көліктерге негізделген ұялы байланыс орталықтарының мүмкіндіктері де көрсетілді.
Осындай іс-шаралар барлық қалалар мен аудандарда өткізілді.
Қарағанды облысының аумағында тәжірибе негізінде ұзындығы 747 шақырымды құрайтын 590 қар басқан жол учаскелері күшейтілген бақылауға алынды. 31 жылу пункті мен 6 трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жол бойындағы 355 қызмет көрсету нысаны іске қосылады.
Қысқы кезең жағдайында ТЖ салдарын жою үшін барлық қажетті техника мен жабдықтар толық әзірлікте. ТЖ департаменті қысқы жағдайда жұмысқа 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік жабдықтар дайындады. Барлық жерүсті көліктері мен вахталық көліктер белсенді түрде іске қосылатын болады. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника ең көп қар басқан аудандарда - Теміртау, Осакаровка, Қарқаралы, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасуда таратылды