Құрмет демалысына шығарып салды

Құрмет демалысына шығарып салды

2022 жылдың 11 қарашасында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде азаматтық қорғау старшинасы Жанара Сайлауқызы Абдрахманова мен азаматтық қорғау старшинасы Елена Николаевна Маулдың зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты жиналыс өтті. Олар ұзақ жылдар бойы Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері болып жұмыс істеді. Төтенше жағдайлар кезінде диспетчерлердің рөлі зор, өйткені олар көмекке шақыруларды бірінші болып қабылдайды және құтқарушылардың шақыру бойынша қаншалықты тез келетіндігі олардың шешуші әрекеттеріне байланысты.
Сүйікті аруларға көптеген жылы лебіздер айтылып, олардың жеке қасиеттері мен азаматтық қорғау саласындағы өлшеусіз үлестері атап өтілді.
Салтанатты жиында Төтенше жағдайлар орталығының басқа қызметкерлері де Қазақстан Республикасы ТЖМ ведомстволық наградаларына, Қарағанды облысы ТЖД бастығының және ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының алғыс хаттарына ие болды.