Теміртау үйлерінің бірінде құтқарушыларға алғыс ретінде мурал салынды

Теміртау үйлерінің бірінде құтқарушыларға алғыс ретінде мурал салынды

Теміртаудағы 9-шы шағын ауданның тұрғын үйлерінің бірінде кішкентай қызды жалыннан алып шыққан құтқарушының бейнесі пайда болды. Бес қабатты үйдің қабырғасына муралды елордалық суретшілер салды.
Сурет үш күн ішінде салынды. Бірақ авторлардың айтуынша, мұндай қысқа мерзім сапаға еш әсер етпеген. Өнер нысаны көп жылдар бойы теміртаулықтарды қуантады.
– Біз Теміртауға муралдар керек деп шешкен кезде, басқа қалалардың тәжірибесін зерттей бастадық, бүкіл ел бойынша түрлі техникалар мен әр түрлі суретшілердің жұмыстарына қызығушылық таныттық, – дейді "Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Айнагүл Әбдірахманова. – Бұл муралға тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Біздің муралда бейнеленген өрт сөндіруші – бұл төтенше жағдайларды жоюға да, олардың алдын алуға да қатысатын барлық қызметкерлердің ұжымдық бейнесі.