
2022 жылғы 27 қазанда Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановтың жетекшілігімен ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Есептітік кезеңде облыстың құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға 7083 шығу жүргізіліп, оның барысында 1782 адам құтқарылды, 1000 адам эвакуацияланды, зардап шеккендерге 415 рет алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жалпы, жыл басынан бері 699 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркеліп, соның салдарынан 75 адам зардап шексе, оның 36-сы қаза тапты.
Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерін кезең-кезеңімен жарақтандыру және материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Құтқару техникасын сақтауға арналған 7 ангар сатып алынып дайындалды, өрт сөндірушілердің 400 жауынгерлік киімі, 10 бірлік тепловизор, көліктер мен суда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар сатып алынды.
Тұрғындарды су тасқынынан, еріген және тасқын сулардан қорғау үшін қорғаныс қорғандарын салу және нығайту, су өткізгіш құбырларды ауыстыру және көпірлерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Қарағанды облысында шалғай және ауылдық елді мекендерді қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен 8 өрт сөндіру бекеті құрылды. 2014 жылдан бері облыста барлығы 45 өрт сөндіру бекеті құрылған.
Өрттер мен адам өлімін азайту мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Жиын қорытындысы бойынша қызметті жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.