
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов аумақтық бөлімшелерін аралады.
Сапар барысында Саран қаласы мен Абай ауданының өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімшелеріне, сонымен қатар Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауында орналасқан құтқару бөлімшесіне барды.
Мұрат Қатпанов бөлімшелердің тыныс-тіршілігімен танысып, қызмет көрсететін техникалар мен жабдықтарды қарап шықты, жеке құраммен кездесті.
Жиында облыстық ТЖД басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауының негізгі тұстарын түсіндіріп, алдағы президенттік сайлау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ М.Қ. Қатпанов Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді жақсарту мәселесімен айналысып жатқанын атап өтті.
Жұмыс сапары аясында бөлімшелердің басшылары ағымдағы жылдың 9 айындағы іс-шаралардың қорытындысы туралы баяндады.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы жеке құрамды келе жатқан кәсіби мереке – Құтқарушы күнімен құттықтады. Қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлер ведомстволық «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастықтарының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі