Қарағанды облысының ТЖД-да еріктілермен дөңгелек үстел өтті

Қарағанды облысының ТЖД-да еріктілермен дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде "Орталық Азияның Еуразия Қоры" КҚ қолдауымен және "Шеврон" компаниясы серіктестігімен "Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы" ҚБ облыстық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті.
Төтенше жағдайларға қарсы тұру үшін азаматтық сектор мен еріктілердің әлеуетін күшейту арқылы апаттар қаупін азайту жөніндегі іс-шараларды біріктіру және күшейту мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына "Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы" ҚБ, ТЖ департаментінің қызметкерлері, "Шеврон" компаниясы мен "Орталық Азияның Еуразия Қоры" ҚҚ донорларының өкілдері, жоғары политехникалық колледж студенттері, сондай-ақ түрлі жобаларға қатысқан белсенді еріктілер қатысты.
Қызыл Жарты Ай Қарағанды облыстық филиалының директоры Татьяна Абрамова мен Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қатысушылар Қызыл Жарты Ай қоғамы Қарағанды облыстық филиалының зардап шеккен халыққа көрсету жөніндегі қызметімен танысты.
Сондай-ақ, қатысушылар аяқталған "Сіздің қорғау құқығыңыз" жобасы аясында жазғы кезеңде жазатайым оқиғалардың санын азайту бойынша жобалардың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте ТЖ органдары мен азаматтық қоғамның Қарағанды облысындағы рөлі мен өзара іс-қимылын атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында "Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы" ҚБ Қарағанды филиалының Құрмет грамоталарымен Қарағанды облысының ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов, жоба серіктестері және облыс еріктілері ізгілік пен мейірімділік ісіне қосқан үлесі үшін марапатталды.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі