
Қарағанды облысы әкімдігінің жыл сайынғы қолдауының арқасында Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жабдықтау және нығайту жүзеге асырылуда.
2022 жылы әкімдік қаражаты есебінен Департамент құтқару техникасын сақтауға арналған 7 ангар сатып алынып, бекітілді. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің 400 жиынтығы, 10 бірлік тепловизор, суда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құралдары мен көлік сатып алынды.
Құрама-жиналмалы ангарлар Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесінің және Ақтоғай, Ақсу-аюлы, Ағадыр, Ботақара, Қарқаралы елді мекендеріндегі өрт сөндіру бөлімдерінің аумағында орнатылды. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдер жиынтығы және тепловизорлар тиімділік нормаларына сәйкес Департаменттің барлық бөлімшелеріне, оның ішінде Ұлытау облысының аумағында орналасқан бөлімшелерге таратылды.
ТЖД бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі жол картасы 2019 жылдан бастап жұмыс істейді.
Жылдан жылға құтқару бөлімшелерін жабдықтау жақсарып келеді. Техника, жабдықтар республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен сатып алынады. Қарағанды облысы ТЖД техника паркі соңғы жылдары айтарлықтай жаңарды.
2015 жылдан бастап Қарағанды облысы ТЖД қарулануына барлығы 140 бірлік авариялық-құтқару, инженерлік және жедел-қызметтік техника, сондай-ақ суда және өрт жағдайында жұмыс істеуге арналған жабдық және түрлі ұйымдастыру техникасы келіп түсті.
Қарағанды облысының ТЖД құтқару бөлімшелерін техника мен жабдықтың заманауи түрлерімен жарақтандыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
Құтқару бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі