Ардагерлермен кездесу

Ардагерлермен кездесу

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Құтқарушы күні қарсаңында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға, олардың алдын алу мен жоюға елеулі үлес қосқан азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Мерекеге келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық тілей отырып, ТЖД бастығы полковник Қатпанов М.Қ. сөз сөйледі.
«Осы күнге қосқан баға жетпес еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздер кейінгі ұрпаққа үлгісіздер. Зор денсаулық, күш-қуат тілеймін. Жас ұрпаққа мүмкіндігінше мол тәжірибе қалдыру үшін ұзақ жылдар бойы жігерлі еңбек еттіңіздер».
Атап айтқанда, кездесуге Гортехнадзор жүйесінің ардагерлері Мостипак И.А., Каппасов Н.К. Клюшнев Г.В., Сытник С.Г., апаттар медицинасы Мұздыбай Б.М. және өрт сөндіру қызметтері Есентаев М.С.
Салтанатты шарада қызмет ардагерлеріне Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттары мен Төтенше жағдайлар ардагерлері кеңесінің Қарағанды филиалы атынан сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі