
Құтқарушылар арасында спортшылар мен чемпиондар бар. Бүгін солардың бірі – Ерлік Елеубековты таныстырмақпыз.
Ерлік «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Қарағанды филиалының №1 отрядының №11 өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші-құтқарушысы болып жұмыс істейді.
Біздің құтқарушы жауынгерлік самбодан спорт шеберіне кандидат, джиу-джитсу және шин-айкидодан спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, грэпплингтен Қазақстан кубогының чемпионы, бірінші санатты төреші болды.
Біздің Ерлік жар және екі тамаша баланың әкесі
Бала кезінен спортпен шұғылданады: спорт мектептері мен секциялары, жаттығулары, алғашқы жеңістері.
«Бала кезімде көше бойымен көмекке асығып бара жатқан өрт сөндіру көліктерін көріп, сол сәт менің жан дүниемнің түбінде қалды», - дейді Ерлік. 21 жасында ол арманын орындауға шешім қабылдады. Ерлік 2014 жылы Теміртау қаласының өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші болып жұмысқа келді.
Жұмысы қиын да қауіпті болса да, бала күнгі арманы ол үшін шындыққа айналғандықтан, Ерлік жұмысы туралы сабырлы әңгімелейді.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында жауынгерлік самбодан өтетін халықаралық жарысқа дайындалуда және кейінгі жас ұрпақты жаттықтыруда.
Спортшыға сәттілік тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі