Болашақ құтқарушы!

Болашақ құтқарушы!

Кішкентай кезінен мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды және негізгі таңдаулардың бірі. Ал бұған мысал ретінде жас құтқарушымыз Жапенов Мадиярды келтіруге болады. Ол Жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығының 4 курс студенті. Мадияр жастайынан қайратты, қайсар мінезді тәрбиеледі.
«Осындай мамандық иелерімен кездескен сайын шын жүректен қол алысып амандасқым келеді. Сырттай байсалды, олар кез келген уақытта әрекет етіп, көмекке келуге дайын», – дейді Мадияр.
2019 жылдан бастап «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреті бойынша Worldskills Kazakhstan қатысушысы. 2021 жылы Worldskills облыстық чемпионатына қатысып, облыс қатысушылары арасында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, болашақ құтқарушы облыстық «Qopter slub» байқауының және республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар байқауының жеңімпазы атанып, қазір ел чемпионатына дайындалуда.
Қазір біздің жас құтқарушы жыл сайынғы «Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенті» байқауына қатысуда, оған еліміздің түкпір-түкпірінен білім, біліктілік және дарындылық арқасында жетістіктерге жеткен ең дарынды студенттер қатысады. Жас кейіпкеріміз болашақта кәсіби құтқарушылар қатарына қосылуды жоспарлап отыр.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Мадиярға жарыста сәттілік пен жеңіс тілейді!

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі