ТЖД басшысы «Қазқұтқару-2022» республикалық кешенді тактикалық оқу-жаттығуына қатысқан Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерін марапаттады.

ТЖД басшысы «Қазқұтқару-2022» республикалық кешенді тактикалық оқу-жаттығуына қатысқан Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерін марапаттады.

2022 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов «Қазқұтқару-2022» республикалық кешенді тактикалық оқу-жаттығуына қатысқан Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерін марапаттады. «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Марат Әбілдинов марапатталды. «Қазқұтқару-2022» қатысушылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен және Төтенше жағдайлар департаменті басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жыл сайынғы оқу-жаттығу Алматы облысы, «Тамғалы-Тас» трассасында орналасқан «Скальный город-Астана» полигонында өтті.
Жалпы жарысқа еліміздің әр өңірінен құтқару жасақтары қатысты. Жарыс бес қашықтықты өтуді қамтыды: «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи ортадағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Командалық эстафета орташа кедір-бұдырлы жерлерде» және «Күрделі күштік тірек жаттығулары.
Қарағандылық құтқарушылар үздік кәсіби шеберліктерін көрсете отырып, «Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары» кезеңінде 2-орынға және командалық есепте құрметті 5-орынға ие болды.
Мұрат Қатпанов жарысқа қатысушылардың барлығын құрметті орынмен құттықтап, оларға денсаулық және жұмыстарына табыс тіледі және олардың төтенше жағдайлар кезіндегі қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.