
Соңғы жылдары су тасқыны кезеңіне дайындық және халықты қорғау мәселесі облыс басшылығының ерекше бақылауында. Жыл сайын су тасқыны қаупі бар негізгі өзендердің арнасы бойынша су түбі мен лай шөгінділерінен және тығыз өсімдіктерден су деңгейінің көтерілуі себебінен проблема туындайды. Осыған байланысты, "2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупін азайту жөніндегі" республикалық Жол картасын іске асыру шеңберінде облыста Нұра, Ақбастау және Солонка өзендерінің жағалауларын нығайту, түбін тереңдету және түзету бойынша жобалар белсенді іске асырылуда.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Теміртау қаласы, Чкалово және Садовое ауылдары маңындағы Нұра өзенін, Осакаров ауданындағы ұзындығы 3,5 км Ақбастау өзенін және Қарағанды қаласының рабочий кентіндегі ұзындығы 7,2 км Солонка өзенін санациялау бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жол картасынан тыс Нұра өзені арнасының учаскелерін санациялау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде Ғ.Мұстафин атындағы кентінен Самарқанд су қоймасының кіреберісіне дейін ұзындығы 4,2 км және Шахтер ауылы мен Байтуған ауылы арасындағы Нұра өзенінің учаскелері ұзындығы 17,2 км.
Бұдан басқа, Нұра өзенінің Қ.Сәтбаевтың канал ауданындағы ұзындығы 2,4 км болатын учаскесін санациялауды жүргізуге конкурстық рәсімдер аяқталды.
Облыстық инженерлік жұмыстар жоспарымен ағымдағы жылы 5,8 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды және нығайтылды, өзен арналарының 14,5 км су тасқыны қауіпті учаскелерін санациялау жүргізілді, 13,9 км дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды. Автомобиль жолдарының 4 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 5 Су шаруашылығы құрылыстарына жөндеу жүргізілді.
2015-2022 жылдар аралығында облыста барлығы 260,1 км қорғаныс бөгеттері мен біліктер тұрғызылып, нығайтылды, 120 км өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімінің орынбасары В.Б.Басин ағымдағы жылдың қысқы кезеңі басталғанға дейін барлық жоспарланған іс-шараларды аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Барлық жоспарланған іс-шараларды іске асыру облыстың елді мекендерін су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі