
2022 жылдың 12 қыркүйегінде Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері қан тапсырып, донорлық қан қорын толтырды.
Қан орталығының мамандары ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне келді. Қан алу процедураларын жүргізу үшін арнайы бөлме бөлінді. Барлық ниет білдірушілер жұмыс орнынан шықпай-ақ өтеусіз донорлық акцияға қатыса алды.
Қан тапсырар алдында донорлар сауалнама толтырды, барлық қажетті алдын – ала процедуралардан өтті, терапевт-дәрігердің тексеруінен өтті, резус-факторды, гемоглобин деңгейін анықтау үшін жалпы клиникалық қан анализін тапсырды, қан арқылы берілетін ауру қоздырғыштарының жоқтығына көз жеткізді, сондай-ақ қан қысымын өлшеді.
Айта кетейік, өңірдің ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде қан тапсырады, сондай-ақ қан тапсыру бойынша түрлі акцияларға қатысады. Олардың көпшілігі тұрақты донорлар.
Қан тапсыру ұзақ және қиын емес, өйткені ол біреуге көмектеседі, денсаулығын немесе өмірін сақтайды. Үнемі қан тапсыру нағыз құтқарушылардың төтенше жағдайларда ғана емес, кез-келген уақытта көмекке дайын екендігін дәлелдейді. Адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс құтқарушы мамандығының ажырамас бөлігі болып табылады.