ТЖД қызметкерлері мемлекеттік тіл курсынан өтті

ТЖД қызметкерлері мемлекеттік тіл курсынан өтті

Қарағанды облысы ТЖД 7 қыркүйек күні Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Бабашева Меруерт Департаменттің жеке құрамына А.Байтұрсынұлының өмірі, еңбектері, ұлт қайраткерлігі жөнінде кең ауқымды дәріс оқыды.
Қазақтың атақты ғалымы, ағартушысы Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы ғұмырын туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнады. Сөз өнерінің биік руханилығын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Айта кетейік, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы 3 ай бойы Департаменттің мемлекеттік тілді білмейтін қызметкерлері үшін мемлекеттік тіл курстарын өткізді. Қорытындысы бойынша аталған қызметкерлерге курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.