6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында жоғары температура мен екпініне секундына 20 метрге дейін қатты желдің болуына байланысты 17 табиғи өрт тіркелді. Оның 9-ы жойылды.
7 қыркүйек күні сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 3 табиғи өрт және 5 дала өрті бақылауға алынды, оның ішінде:
Табиғи (далалық) өрт:
5 қыркүйекте сағат 09-28 шамасында Шет ауданы, Мыңбаев ауылдық округі, Қызылтау ауылынан 12 шықырым жерде құрғақ шөп өртенді (алдын ала болжаммен ауданы 300 га).
6 қыркүйекте сағат 16-20 шамасында Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Шопа ауылынан батысқа қарай 25 шақырым жерде құрғақ шөп өртенді (алдын ала болжаммен ауданы 1000 га).
Табиғи (орман) өрт:
6 қыркүйек күні сағат 16:40-та Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылы, «Белағаш орман шаруашылығы» ММ Төрткөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде, ағаштар және құрғақ шөп өртенді шамамен ауданы 10 га.
Дала өрттері:
1. 6 қыркүйекте сағат 10:28-де Нұра ауданы, Қарақойын ауылдық округі, Керей ауылынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды.
2. 6 қыркүйекте сағат 13:13-те Қарқаралы ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Аппаз ауылынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды.
3.6 қыркүйекте сағат 16:15-те Шет ауданы, Киікті ауылдық округі, Киікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды.
4. 6 қыркүйекте сағат 18:20-да Шет ауданы, Ақшоқын ауылдық округі, Қызылтау ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды.
5. 6 қыркүйек күні сағат 23:00-де Шет ауданы, Бұрма ауылдық округі, Бұрма ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды.
Барлық ошақтарға Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың ТЖД және орман шаруашылығының күштері жұмылдырылған. Табиғи өрттер мен өрттерді жоюға барлығы 362 адам мен 83 бірлік техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үрейленбеу және қажет болған жағдайда кезекші диспетчерлік қызметтің 101, 112 телефондарына хабарласу туралы үндеуде!