Қарағанды облысының табиғи өрттер мен тұтанулар туралы ақпарат

Қарағанды облысының табиғи өрттер мен тұтанулар туралы ақпарат

Қарағанды облысының аумағында өткен тәулікте жалпы 1 га аумақта 2 орман өрті және 198 га аумақта 5 дала өрті жойылды.
2 орман өрті және 1 дала өрті бақылауда:
1) Бұқар жырау ауданы, Ақөрін ауылы, «Белағаш орман шаруашылығы» ММ аумағында құрғақ шөптер мен орман қабаты өртенуі орын алды, алдын ала болжам бойынша ауданы 300 га құрайды, оның ішінде 4 га орманды аумақ.
2) Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылдық округі, «Белағаш орман шаруашылығы» ММ аумағында 0,5 га орман қабаты мен 20 га аумақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 09.15-те оқшауланды.
3) Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылы, Қамқор ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде алдын ала болжаммен 25 га аумақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 10.05-те оқшауланды.
Барлық өрт жойылған учаскелерде тәулік бойы кезекшілік, күзет және суару ұйымдастырылған.
Өрттің барлық аймақтарына Төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың және ерікті өрт сөндіру бригадаларының күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі