31 тамызда Қарағанды қаласындағы No10 өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқарып, көрсеткен батылдығы үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Қалалық мәслихат депутаттары Эльмира Маликова мен Зара Шалабаева қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, қызметкерлерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Қарағанды облысы әкімінің атынан 15 қызметкерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді, Қарағанды қаласы әкімінің Алғыс хатымен 10 қызметкер және «АМАНАТ» партиясының Алғыс хаттарымен 30 қызметкер марапатталды.
Сондай-ақ халық қалаулылары оларға денсаулық, амандық тілей отырып, өрт сөндірушілердің ерлігін бағалап және өрт сөндіруші-құтқарушы бұл күрделі мамандық- күшті, батылдықты, ерлікті талап ететін – нағыз өрт сөндірушілерге тән қасиет екеніндігін атап айтты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі