Тілдер күні қарсаңында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, Қарағанды облысы ТЖ департаментінде қызметкерлер арасында "Әлихан - ұлт жанашыры", "Ұлт ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы" атты патриоттық эссе байқауы өткізілді.
Биыл Ұлт ұстазы, түрколог, Алаш қайраткері, Ұлттық жазу реформаторы, қазақ тілі мен әдебиеті ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады.
Байқауға 47 эссе ұсынылды. Бұл сайысқа Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері белсенді қатысты.
Ұсынылған материалдарды мұқият зерделегеннен кейін қазылар алқасы конкурстың қорытындысын шығарды.
1 орын - Данияр Сулейменов Өміртайұлы, Осакаров ауданының ТЖБ бастығы;
2 орын-Дәурен Серікбай Рысбайұлы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
3 орын - Қуаныш Муталлапов Сабитович, Дағдарыс орталығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы;
Белсенді қатысқаны үшін: Бауыржан Сәтбаев Бейбітханұлы, Балқаш қ. ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының офицері.
Есте сақтау керек, өткенсіз – болашақ жоқ, ал елдің болашағы әрқайсымызға байланысты. Біз ортақ күш-жігеріміздің арқасында ғана рухани байлығымызды сақтап, мұрамызды сақтаймыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі