Бүгін Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғадан тура бір жыл. Байзақ ауданында ҚР ҚМ 28349 әскери бөлімінде орын алған жарылыс азаматтық қорғау органдары тарихындағы ең ірі жазатайым оқиғалардың бірі болды, ол 10 қызметкердің өмірін қиды.
Бүгін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құтқару үшін өз өмірлерін қиған жолдастарының ескертікіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Қарағанды облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бас басқармасының ауласында мемориал алдында Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамы, сондай-ақ ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің сарбаздары жиналды.
Іс-шараны аша отырып, жиналғандар алдында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов сөз сөйледі. Ол қаза тапқан қызметкерлерді еске алу олардың жақындарының, достары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
- Өз ұлдарын жауапты, мықты және асыл адам етіп тәрбиелей алған ата-аналарымызға тағзым етеміз, - деді полковник Катпанов. - Олардың үлгісінде біз ТЖМ қызметкерлерінің жаңа буынын тәрбиелеуіміз керек, олар өздерінің іс-әрекеттерімен батырлығына сүйене отырып, олардың жадына сақтайды. Өзгені құтқару үшін өз өмірін қиған және ар-намысына, антына және Отанына адал болған қызметкерлер алдында басымызды иеміз. Шендегі адамдардың қызметі ешқашан жеңіл болған емес, ол күнделікті жанқиярлықты, іске адал қызмет етуді, батылдықты талап етеді, сондықтан әрқашан құрметті және сұранысқа ие.
Сондай-ақ, жиналғандар алдында Қарағанды облысы ТЖ органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Абдраев сөз сөйледі. Ол ТЖМ қаза тапқан қызметкерлерінің батылдығы, олардың табандылығы мен жанқиярлығы – адам бойындағы ең жақсы қасиеттің көрінісі екенін атап өтті.
Айтылған ізгі сөздерден кейін барлық жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлігі өшпес. Батырларды тек туыстары мен достары ғана емес, сонымен бірге әріптестері де, өмірлерін сақтап қалғандар да еске алады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі