Қарағанды қаласындағы "Сары-Арқа" халықаралық әуежайындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Қарағанды қаласындағы "Сары-Арқа" халықаралық әуежайындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

 25 тамызда Қарағанды қаласындағы "Сары-Арқа" халықаралық әуежайында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Тактикалық ой бойынша ұшақтың сол қанатының жануы орын алды. Өртті байқаған диспетчер ТЖ туралы " 101 " нөміріне телефон арқылы хабарлады. Диспетчердің айтуынша, салон ішінде адам қалды және өздігінен шыға алмайды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар зардап шегушіні ұшақ салонынан тауып алып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Бұл нысан аса маңызды және өрт қауіпті объектілердің кеңейтілген тізбесіне енгізілген, сондықтан өрт туралы хабарлама келіп түскен кезде № 3 өрт дәрежесі бойынша техниканы автоматты түрде жіберу көзделген.
Оқу-жаттығудың мақсаты бөлімшелердің өрт сөндіруге дайындығын жетілдіру және жоғары деңгейде ұстау, бөлімшелердің жеке құрамын өрт сөндіру құралдарын беруде жаттықтыру, сондай-ақ өрт сөндіру бойынша объект қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау болды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 8 бірлік арнайы өрт сөндіру және қосалқы техникасы мен жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін оқу-жаттығудың барлық қатысушыларымен келген күштердің жеке құрамының, сондай-ақ объект персоналының іс-қимылы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Оқу-жаттығу жетекшісі, өткізілген оқу-жаттығуларға қатысқаны үшін барлығына алғысын білдірді.