
24 тамызда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің акт залында ұстаз, ұлттың, ағартушысы, тіл маманы, ақын, аудармашы - А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ҰСТАЗЫ ҺӘМ АЛАШТЫҢ АХМЕТІ» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты – көрнекті тілтанушы, түркітанушы, ақын-аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш партиясының мүшесі (1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған) Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ғылыми ой-пікірлерін зерделеп, түйсіну. Оның ғылыми еңбектері бүкіл әлемге кеңінен танымал. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі бола отырып, Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпаққа білімге жол ашуды өзінің басты міндеті деп санап, Қазақстан әлемдегі озық елдердің қатарына қосылды.
Дәрісті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археология, этнология және ұлттық тарих кафедрасының аға оқытушысы Әділет Жағыпар жүргізді.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлт болашағына сіңірген еңбегі туралы көптеген мәліметтер алды. А.Байтұрсынұлының бүгінгі қоғам өмірі мен қазақ мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі