Қарағанды облысы ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту

Қарағанды облысы ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту

Қарағанды облысы әкімдігінің жыл сайынғы қолдауының арқасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерін кезең-кезеңмен жарақтандыру және материалдық-техникалық базасын нығайту жүзеге асырылады.
Осылайша, жыл сайынғы қолдаудың арқасында, әкімдік қаражаты есебінен Департамент облыстың жеті өрт сөндіру бөлімінің аумағында гараж бокстарын сатып алды және дайындады, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерінің 400 жиынтығы, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау ортасында жұмыс істеу үшін жылу түсіргіштер сатып алынды.
Жиналатын ангарлар Қарағанды қаласы, Ақтоғай ауылы, Ақсу-Аюлы кенті, Ағадыр кенті, Ботақара кенті, Қарқаралы қаласы, Осакаровка кенті аумағында орнатылған.
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің 400 жиынтығы тиесілілік нормаларына сәйкес Департаменттің барлық бөлімшелеріне, оның ішінде Ұлытау облысының аумағында орналасқан бөлімшелеріне бөлінді.
Бағдарлама 3 жылға есептелген, оның аясында жоспар 2023-2024 жылдары ангарларды, техниканы және түрлі жабдықтарды одан әрі сатып алу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.