
Өртке қарсы қызмет қызметкерлері күн сайын өрттермен, авариялық жағдайлармен бетпе-бет келеді және басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігіп жатады. Олардың жеделділігі, кәсібилігі және қарапайым адамгершілік қасиеттері үшін алғыс хаттар жиі келіп жатады.
Бұл жолы, Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне Теміртау қаласының тұрғынынан хат келіп түсті. Ануар Мендикин өз хатында 2022 жылдың 17 тамызында өртті сөндірген өрт сөндірушілерге алғысын білдірген.
2022 жылғы 17 тамызда Теміртау қаласында Металлургов даңғылының бойында үйлердің бірінде өрт шықты.
Оқиға орнына жеткен №2 МӨСБ және №23 ӨСБ өрт сөндірушілері 12 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің балконы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің бірінші буыны адамдарды құтқару мен эвакуациялауға және пәтерді сөндіруге бағытталды.
9-қабаттың терезесіне автосатыны орнату ағаштардың кесірінен мүмкін болмағандықтан, оқпанды беру 6-қабат деңгейінде жүзеге асырылды. Барлау кезінде алдыңғы есікті (брондалған) ашу мүмкін емес екені анықталды. Кіре берістегі тар өткелдердің салдарынан шабуыл баспалдақтарын баспалдақпен алып өту мүмкін болмады.
Өрт сөндіру жетекшісі 2-МӨСБ аға инженері Каденов Нұрбол мен 23-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Сағаш Серік 10-қабаттың балконынан 9-қабаттың балконына құтқару арқанымен түсу туралы шешім қабылдады. Жоғары температура мен ашық отқа қарамастан өрт сөндіруші-құтқарушылар ашық жануды жойып, пәтерде адамдардың бар-жоғын тексеріп, кіреберіс есікті ішінен ашты. Бұл кезде газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын жалынның әсерінен қорғау үшін оқпан автосаты арқылы берілді.
Жеке құрамның, атап айтқанда, 2-МӨСБ аға инженері Қаденов Нұрбол мен 23- ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Сағаш Серіктің сауатты іс-әрекеттерінің арқасында жануды тез арада жоюға, сол арқылы өрттің ықтимал келеңсіз салдарының алдын алуға қол жеткізілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі