
2022 жылы 19 тамызда Қарқаралы орталық стадионында, өзіміздің әріптесіміз Шынгыс Нурсейтовті Қарқаралы өртке қарсы қызметі гарнизонынан Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне шығарып салынды.
Азаматтық қорғау майоры Шынгыс Нурсейтов 1989 жылы 8 қаңтар күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласында дүниеге келді. 2007 жылы Қарқаралы қаласында орналасқан О.А.Жәутіков атындағы № 1 жалпы білім беру мектебінде 11-ші сыныпты бітірді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кокшетау техникалық институттін бітірді. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін келесі жұмыс орындарында қызметін жалғастырды:
- 2011 және 2012 жылдары Қарқаралы ауданы төтенше жағдайлар бөлімнің инженері;
- 2012 және 2013 жылдары Қарқаралы ауданы ТЖБ аға инженері;
- 2013 және 2019 жылдары Бұқар-Жырау ауданы ТЖБ бас маманы;
- 2019 және 2022 жылдары Қарқаралы ауданы ТЖБ бастығы;
Шынғыс Нурсейтовке тілейтін тілегіміз, ашық аспан, оқуына және жұмысына сәттілік, отбасылық бақыт және үлкен шыңдарды бағындыру.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі