Қарағандылық құтқарушылар таудан жарақат алған ер адамды эвакуациялады

Қарағандылық құтқарушылар таудан жарақат алған ер адамды эвакуациялады

Сенбі күні Қарқаралы ауданынан құтқарушылар аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмаған ер адамды эвакуациялады.

20 тамыз күні таңертең сағат 10:16-да 112 пультіне тауға шыққан кезде күйеуі аяғынан қатты жарақат алғаны туралы әйелінен хабар келіп түсті.

Ер адамға тезірек көмек көрсету үшін құтқарушылардың бірінші тобы автокөлікпен шықты. Барлық маршрутты  көлікпен жүру мүмкін болмады. Қалған жолды құтқарушылар жаяу жүрді.

Құтқарушылар жарақат алған ер адамды тапты. Ол Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Жарақат алушы теңіз деңгейінен 150 м биіктікте болды.

Эвакуация ер адам аяғын сындырып алуына байланысты қиынға соқты. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткен Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері зембілмен оны таудан түсірді. Содан кейін Қарқаралы аудандық ауруханасына жеткізілді.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі