
19 тамызда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Халық қауіпсіздігі"акциясын өткізді. Акция облыстық мәслихат депутаттарымен, Апаттар Медицинасы Орталығымен, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамымен және инновациялық даму қоғамы альянсымен бірлесіп балалар мен ересектерге арналған Атлетика паркі алаңында ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты-қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін насихаттау. Құтқарушылар балалардың терезеден құлауы, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып берді. Сонымен қатар, шара барысында қала тұрғындары, кішкентай балалар Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Балалар үшін кинологиялық қызметтің, сүңгуір-құтқарушылардың көрсетілімдері ұйымдастырылды. Сондай-ақ викториналар, әр түрлі конкурстар, оқыту көрнекі-бейнелеу өнімдерін тарату өткізілді.
Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері біздің облыс аумағында болған өрт салдарынан 18 адам қаза тапты. Айта кету керек, өрттің пайда болуының негізгі орындары – тұрғын үй секторы. Ал өрттің басты себептері отты абайсыз қолдану, Электр сымдарын пайдалану ережелерін бұзу болып табылады.
Құтқарушылар көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына өрттің пайда болуына жол бермеу үшін бірқатар тыйымдарды сақтауы тиіс екенін еске салады. Атап айтқанда, көп пәтерлі ғимараттардың жертөлелерінде, шатырларында және төменгі қабаттарында жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехниканы, жанғыш газы бар баллондарды сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, жоғарыда айтылғандардышеберханаларда, қоймаларда немесе өндірістік учаскелердепайдалануға болмайды. Қабаттарда эвакуациялық шығу есіктерін қайта жаңартуға тыйым салынады. Тыйым салулардың ішінде – өрт крандары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына кіреберістерде жиһаз және басқа да көлемді заттарды орналастыруға болмайды. Зақымдалған розеткалар мен электр қосқыштарын пайдалануға тыйым салынады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі