Шет ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Шет ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

2022 жылғы 18 тамызда Қарағанды облысы Шет ауданның аумағында 2022 жылғы 18-19 тамызға жоспарланған "Бейбіт және соғыс уақыты жағдайында төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және тұрғындардың іс-әрекеттері" тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші күні өткізілді.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері, Шет ауданы әкімдігінің аппараты, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия, эвакуациялық қабылдау комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдар тартылды.
Командалық-штабтық оқу-жаттығудың мақсаты азаматтық қорғаудың аудандық жүйесінің жұмыс істеуінің түрлі режимдерінде авариялық-құтқару қызметтерінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының басшыларын оқыту және олардың дағдылары мен іс-қимылдарын пысықтау, олардың бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға әзірлігін арттыру болып табылады.
Оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың аудандық жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғаудың дайындық дәрежесін енгізу кезінде қызметтер мен ұйымдар басшыларының, азаматтық қорғау құралымдарының практикалық іс-қимылдар элементтерін, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде болуы мүмкін жағдайларды модельдеумен кіріспе іс-қимылдар элементтерін пысықтаумен екі кезеңде өткізіледі.
Аудан аумағында бар электрсиреналар мен дауыс зорайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Аудандық шұғыл әрекет ету жасағының және адамдарды іздеу және құтқару командасының байқауы өткізілді. Адамдар көп жиналатын объектілердегі өртті сөндіру, эпизоотия ошағы пайда болған кездегі іс-қимылдарды пысықтаумен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында ТЖ режимінде іс-шараларды орындау бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларын тыңдау өткізілді.
Командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша бейбіт уақыт жағдайында ауданның барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы бағаланды.