
17 тамызда «Алтын Арба» сауда-шаруашылық орталығында өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың міндеттері:
- объектінің өртке қарсы қорғау жоспарының орындалуы мен тиімділігін тексеру;
- оқуға қатысушыларды ықтимал өрттерге дайындау;
- объектінің және сөндіру құралдарының өрт-техникалық сипаттамаларымен танысу;
- өрт кезінде адамдарды эвакуациялау және қауіпсіз мінез-құлық бойынша машықтандыру.
Оқу-жаттығулардың жоспарына сәйкес, «Алтын Арба» базарының сауда қатарларының бірінің орнында электр сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты.
Бірыңғай кезекші байланыс қызметінің диспетчерлері өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын шақыру орнына №3 дәрежесі бойынша жіберді.
Өрт орнында дереу өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, өртті сөндіруге екі «Б» оқпаны, көршілес ғимараттарды салқындату және қорғау үшін тағы екі «Б» оқпаны берілді. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бір звеносы құрылып, күзет бекеттері қойылды.
Шартты өрт ауданы 40 шаршы метрді құрады. Екі зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.
Бөлімшелерге жүктелген міндеттер сәтті орындалды, оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша имитацияланған өрт жойылды.
Оқу-жаттығуларға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 25 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Жаттығу нәтижесінде қатысушыларға барлық кемшіліктер түсіндіріліп, қызметкерлердің жетістіктері атап өтілді.
Жаттығу жетекшісі барлығына жаттығуға қатысқандары үшін алғысын білдірді.