«Шығыс» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу

«Шығыс» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу

«Шығыс» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу
15 тамызда «Шығыс» базарында өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Бұл нысан ерекше маңызды және өрт қауіпті объектілердің кеңейтілген тізбесіне енгізілген, сондықтан өрт туралы хабарлама түскен кезде № 2 өрт дәрежесі бойынша техниканы автоматты түрде жөнелту қарастырылған. Оқу-жаттығудың мақсаты бөлімшелердің өрттерді жоғары деңгейде сөндіруге дайындығын жетілдіру және қолдау, бөлімшелердің жеке құрамын өрт сөндіргіш құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ өртті сөндіру бойынша объект қызметтерінің өзара іс-қимылын үйрету болды.

Тактикалық жоспар бойынша сауда үшін жабдықталған контейнерлердің бірінде заттардың тұтануы орын алған. Өртті байқаған күзетші 101 нөміріне қоңырау шалып, төтенше жағдай туралы хабарлаған. Өрт орнына жеткен бөлімшелердің күштері өртті жою бойынша іс-шаралар жүргізді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуда алға қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Оқу-жаттығуларға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығуды аяқтағаннан кейін оқу-жаттығу жетекшісі оқу-жаттығудың барлық қатысушыларымен келген күштердің жеке құрамының, сондай-ақ нысанның жеке құрамының іс-әрекетіне егжей-тегжейлі талдау жүргізді.
Жаттығу жетекшісі барлығына жаттығуға қатысқандары үшін алғысын білдірді.