Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қарағанды облысының халқымен кездесуі
Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет
2022 жылғы 28-29 шілдеде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барады.
Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.
Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), ps_dchs_karg @emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 23 шілдеге дейін қабалданады.
Сондай-ақ 8(7212)512001, 87005703919 (Whats app) телефондары арқылы алдын ала жазылу және жеке қабылдауға жазылуға болады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет.
(«2022 жылғы 29 шілдедегі халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).