
№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Республикалық слетке қатысқан Қарағанды облысының жас құтқарушылар командасына құрмет көрсетілді.
2022 жылғы 27 маусым мен 2 шілде аралығында Көкшетау қаласында III Республикалық "Жас құтқарушы" слеті өтті, оған біздің "Сарыарқа жас құтқарушылары" командасы қатысты. Республикалық біріншілік үшін барлығы 17 команда бақ сынасты.
Барлық командалар "Визит карточкасы", "Өрт эстафетасы", "Газет – жарнама қалқаны", "Алғашқы көмек көрсету", "Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары", "Іздестіру-құтқару жұмыстары", "Су айдынындағы құтқару жұмыстары" сияқты маңызды сынақтардан өтті.
Слеттің бірінші күні біздің балалар "Газет – жарнама қалқаны" кезеңдерінен сәтті өтіп - бірінші орынға ие болды, "Визит карточкасы" - 3 орын және "Алғашқы көмек көрсету" кезеңінен жақсы көрсеткіштер көрсетті.
Жарыстың ең күрделі түрі - Өрт эстафетасы бойынша біздің балалар 2,23 секунд нәтижесімен 3 орын алды.
Жалпы республикалық слет қорытындысы бойынша Нұр-сұлтан қаласының құрамасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Ақтөбе облысының командасы және үшінші орынды Ақмола облысының балалары алды.
Қарағанды облысының жас құтқарушылары жалпы командалық есепте 5-ші орынды иеленді.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Катпанов жас құтқарушыларды республикалық жарыстарға сәтті қатысуларымен құттықтады.
"Біз балалар мен олардың тәлімгерлеріне лайықты нәтижелері, дамуға ұмтылысы үшін алғыс айтамыз. Сәттілік, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!"- деді М.Қатпанов.
Әр қатысушыға ТЖД бастығының алғыс хаты табысталды.