
2022 жылғы 29 маусымда Қарағанды облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ғимаратында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен "мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету кәсіпорындарын, автожанармай құю, автогаз құю станцияларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары", "Азаматтық қорғаныс және халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау"тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.. Дөңгелек үстел барысында ТЖ басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А. С. Маханов өрт-жарылыс объектілерін пайдалану кезіндегі негізгі талаптарды жеткізді, Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің кезеңділігі, әртүрлі тәуекел санатындағы объектілер үшін жоспардан тыс тексерулер және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері мен әдістері туралы айтып берді, сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары және азаматтық қорғау органдары тарапынан да, жеке кәсіпкерлік тарапынан да жол бермеу бойынша шешімдер талқыланды. Дөңгелек үстел соңында азаматтық қорғау подполковнигі А. С. Маханов халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың негізгі тұстарын атап өтті.