
Көкшетау қаласында "Жас құтқарушы" ІІІ республикалық слеті өтуде, оған біздің облыстың командасы да қатысуда.
Слет бағдарламасы байқаулардың келесі түрлерін қарастырады:" Визит карточкасы"," Өрт эстафетасы"," Газет – жарнама қалқаны", "Алғашқы көмек көрсету"," Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары", "Іздестіру-құтқару жұмыстары", "Су айдынындағы құтқару жұмыстары".
Қарағанды өңірінің үздік жас құтқарушылары, жарыс басталардан бұрын дайындықтан өткен. Слеттің бірінші күні біздің балалар "Газет – жарнама қалқаны" кезеңдерінен сәтті өттіп - бірінші орынға ие болды, "Визит карточкасы" - 3 орын және "Алғашқы көмек көрсету"кезеңінен өтті.
Бүгін командалар жауынгерлік қанат жаю мен өрт эстафетасында жарысады.
Республикалық слетті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі және "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау академиясының базасында ұйымдастырлып өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жан-жақты дамыту және дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын алу және, жетілдіру болып табылады.