Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық денгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 2022 жылғы 28 маусымда сағат 11.00-де Ұлытау облысының аумағында орналасқан барлық дыбыстық электр дабылдары іске қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.