
Қарағанды облысы, ТЖ департаментінің жеке құрам бойынша инспекцияның бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Нұрсұлтан Жапишев, Балқаш қаласы ТЖ басқармасының жеке құрамымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау бойынша нұсқаулық өткізді. Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде, мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға қызметтік міндеттерін орындауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға байланысты, сыйлықтар алуға және сыйға тартуға толық тыйым салуға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, еңбек тәртібін, жол қозғалысы ережелерін және киім үлгісін сақтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы ТЖ Департаменті МӨҚБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Анвар Күншашевтің қатысуымен жиналыс өткізіліп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инспекторлық құрам жүзеге асыратын тексерулердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Қарағанды облысы ТЖД МӨҚБ техникалық нормалау тобының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Зарина Валиева өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу ережелерінің талаптарын түсіндірді.