Қарағанды облысында су айдындарын патрульдеуге және халықпен үгіт-профилактикалық жұмыстарын жүргізу үшін дрондар қолданылды

Қарағанды облысында су айдындарын патрульдеуге және халықпен үгіт-профилактикалық жұмыстарын жүргізу үшін дрондар қолданылды

Өңірде суға шомылу маусымы басталғаннан бері Қарағанды облысының ТЖ Департаменті су жағасында демалып жатқан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңашыл тәсілдеме қолданды, су айдындарын патрульдеу және халықпен үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізу үшін республика бойынша алғашқы рет дрондар қолданылды.
Дрондарды қолдану құтқарушыларға су айдындарының шалғай және қауіпті учаскелерін жедел тексеруге, ал су маңындағы көпшілік демалатын орындарда аудиожазбаны ойнату және судағы қауіпсіздік қағидалары мен оны бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шараларын жеткізу арқылы халықпен үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Алдын алу жұмыстарының бұл әдісі халық арасында үлкен қызығушылық тудырады және су маңындағы демалушылардың назарын аударады, осылайша бір уақытта халықтың көп бөлігін үгіт-насихат жұмыстарымен қамтуға мүмкіндік береді. Мәні бойынша, дрондар құтқарушылардың қосымша көздері, құлақтары және сөздері болып табылады.