2022 жылғы 10 маусымда сағат 14:30-да Теміртау қаласында ұста-пресс цехының жұмыс істемейтін № 9 термиялық пешіндегі, отқа төзімді қалауды бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлады. Пеш күмбезінің құлауы нәтижесінде (көлемі 5х5х10 м) үйінді астында 5 адам болды .Олардың төртеуі қайтыс болды, біреуі ауруханада жатыр.
Оқиға орнында ТЖД (27 қызметкер және 7 бірлік техника) және "Серіктес Өрт Сөндіруші" ЖШС (10 қызметкер және 2 бірлік техника)жұмыс істейді.
Оқиға орнында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ТЖД және өнеркәсіптік қауіпсіздік басшылары бар.
ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкімімен комиссия құрылады және топтық жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізіледі. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі