Құрметпен шығарып салды

Құрметпен шығарып салды

Қарағанды облысының ТЖ департаменті Ғани Ибрагимовты құрметті демалысына шығарып салды.

Көп жылғы қызметі үшін азаматтық қорғау подполковнигіне Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Катпанов, сондай-ақ әріптес-офицерлер шынайы ризашылығын білдірді. Еңбек сіңірген офицерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ғани Күшабайұлы Ибрагимов өз жолын 1994 жылы Қарағанды облысы Өрт күзеті басқармасының №7 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде бастады.

Қарапайым өрт сөндірушіден бастап өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейін барлық кезеңдерден өтті.

Соңғы атқарған қызметі-Нұра ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

Қызмет еткен жылдары Ғани Ибрагимов өрт сөндіру кезінде бірнеше рет батылдық пен кәсібилік танытты. Бірнеше рет ол кенеттен туындаған мәселелерде уақтылы және сауатты шешімдер қабылдады. Ол ірі және күрделі төтенше жағдайларға қатысты, көптеген өрттерді жойды, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды. Азаматтық қорғау органдары қызметкерінің күрделі және кәсіби жолын таңдай отырып, ол жоғары кәсібилігімен және өз ісіне берілгендігімен ерекшеленді. Қызметте өзінің практикалық және теориялық дағдыларын үнемі жоғары деңгейде растады.

Мұрат Қатпанов және әріптестер Ғани Ибрагимовке ұзақ және мінсіз қызметі үшін алғыс айтып, шын жүректен зор денсаулық, амандық және өмірдің жаңа кезеңінде табыс тіледі

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі