Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның облыстық отырысы өтті. Отырысқа қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдарының және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Отырыс барысында авариялық және ескі тұрғын үйлердің, газ шаруашылығының жай-күйі, газ техникалық инспекцияларының жұмысы, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі талқыланды.
Қаралатын мәселелер бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және облыстың өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшылары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, соның ішінде тұрғын үй қорын жаңғырту, тұрмыста газды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, өндірістегі қауіпсіздікті арттыру бойынша шаралар қабылдау және т. б.