Өрт қауіпті және суға түсу маусымдарының өтуі ерекше бақылауда

Өрт қауіпті және суға түсу маусымдарының өтуі ерекше бақылауда

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өрт қауіпті және суға шомылу маусымдарының қауіпсіз өтуі мәселелері талқыланды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов ағымдағы жағдай туралы баяндады.
"Қазіргі уақытта табиғи өрттермен жағдай тұрақты. Дала өрттеріне ден қою үшін жергілікті атқарушы органдар саны 7 мыңнан асатын 505 ерікті өртке қарсы құралымдарды құрды. Облыста өрт сөндіру бекеттерін құру белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 50 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олардың қорғауында 89 елді мекен бар. Жергілікті атқарушы органдардың өз қаражаты есебінен облыстың аса өрт қауіпті өңірлерінде 2019 жылдан бастап 59 "Ермак" мобильдік кешені сатып алынды, олар табиғи өрттерді, әсіресе жартасты жерлерде сөндіру кезінде жоғары тиімділікті көрсетті" - деп атап өтті Мұрат Қатпанов.
Облыстың су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шомылу маусымында тікелей су айдындарында орналасқан ТЖД 6 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ТЖД бөлімшелерімен тұрғындармен ауқымды профилактикалық жұмыс басталды: облыстың су айдындарында 516 рейд және патрульдеу жүргізілді, азаматтармен және балықшылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, үгіт материалдары табыс етілді. Жалпы білім беретін мектептерде судағы жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Алдын алу іс-шаралары су пайдаланушылармен, су айдындарындағы демалыс аймақтарының иелерімен, балалар лагерлерінің директорларымен де жүргізілді. Халықпен профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін 55 жасақ-құтқарушы оқытылды және дайындалды.
Табиғи өрттердің алдын алу және салдарын барынша азайту және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне бақылаусыз өртеуге жол бермеу, елді мекендердің айналасында жыртуды ұйымдастыру, жазғы сауықтыру лагерлері мен егіс алқаптары, жаппай демалыс орындарын жабдықтау және т. б. бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Өрт қауіпті және суға түсу маусымдарының өтуі облыс басшылығының ерекше бақылауында.