
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің қызметкері Қанат Искаковтың ұлы-Кәрім грепплинг пен джиу-джитсу күресімен 6 жасынан айналысады. Кәрім осы спорт түрлері бойынша спорт шеберіне үміткер. Ол самбо, грепплинг және джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Сонымен қатар, Кәрім Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен самбодан халықаралық турнирдің жеңімпазы және Абу-Дабиде 2021 жылы бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы.
Чемпионның әкесі - Қарағанды облысы ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Искаков Қанат әрқашан өз ұлын қолдап: "Кәрім бала кезінен мақсатқа ұмтылған ұқыпты бала және бұл оның өз шешімі болды! Мен оны жарыстарға жіберген кезде әрқашан қатты уайымдадым және әрқашан сәттілікке жетіп, жеңетініне сендім! Ол қазір ересек жігіт, бірақ мен ол үшін әлі де уайымдап тұрмын"- дейді.
Қарағанды облысының ТЖД өз міндеттерін тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар ата-ана міндеттерін адал орындағаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Алдағы уақытта да табыс және көптеген жеңістер тілейміз!