Мәжіліс депутаты Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесіне барды

Мәжіліс депутаты Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесіне барды

Екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Александр Милютин Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшесіне барды. Департамент бастығы Мұрат Катпанов бөлімше қызметімен және құтқару техникасымен таныстырды, сондай-ақ құтқарушылардың
жабдықтары көрсетілді.
Құтқарушылармен кездесуде депутат Конституциядағы өзгерістердің ерекше маңыздылығын, референдумның қаншалықты маңызды екенін және елдің дамуына қалай әсер ететінін атап өтті. Кез-келген елдегі Референдум саяси және идеологиялық тұрғыдан тиімді болады, егер ол өзінің табиғаты бойынша маңызды демократиялық институт ретінде халықтың кең топтары дұрыс қабылдаса және қолдаса. Қазір бүкілхалықтық дауыс беруді өткізу және дайындау үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасалған.
Депутат референдумға қатысуға шақырды, өйткені біздің балаларымыз бен немерелеріміз қай мемлекетте тұратынына байланысты.
Сонымен қатар, депутат құтқарушылардың барлық сұрақтарына жауап берді және олар ТЖМ жүйесінде одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Александр Милютин құтқарушыларға шұғыл міндеттерді орындаудағы жанқиярлығы үшін зор алғысын білдіріп, құтқарушыларға денсаулық пен амандық тіледі.