
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 2-ші МӨБ-де болды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Александр Милютин сапарының екінші нысаны Теміртау қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі болды. Аралау барысында депутат бөлімшенің жеке құрамымен кездесіп, әңгіме жүргізді, өрт техникасымен танысты және өрт сөндіру бөлімін қарап шықты.
Өрт сөндіруші-құтқарушылармен әңгіме барысында депутат алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті. "Еліміздің ең үлкен байлығы-ең алдымен біздің бірлігіміз. Негізгі заңға түзетулер енгізу бұл елді құру мен дамытудың нақты қадамы. Реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл мемлекеттік модельдің жүйелік трансформациясы. Референдум ескі модельден түпкілікті кету және саяси жүйені қайта бастау үшін қажет", – деді Александр Милютин.
Мәжілісмен өрт сөндіруші-құтқарушылардың пікірін тыңдап, туындаған мәселелерге жауап берді. ТЖМ құрылымында одан әрі даму талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Конституциялық реформа бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында Қарағанды облысына екі күндік сапармен келді.